Палестина басшысы палестиналықтар мен еврейлерге ортақ бір мемлекет құруды ұсынды
Палестина басшысы палестиналықтар мен еврейлерге ортақ бір мемлекет құруды ұсынды
7 жыл бұрын 2678 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының сессиясында мінберден сөз алған Палестина ұлттық әкімшілігінің төрағасы Махмұд Аббас әлі шешімін таппай дағдарысқа ұласқан Палестина-Израил жанжалын шешудің басқаша жолын ұсынды, дәлірегі, ол өз сөзінде Израилдің басқыншылығына әлі күнге тоқтау болмай тұрғанын жеткізіп, еврей келімсектердің кесірінен палестиналықтар атамекенінен қуылып жатқанын ашына мәлімдеді. Осылай деі келе әлем қауымдастығының палестиналықтардың бұл проблемасына көз жұма қарағанын сынға алды. Бұл жайында newsru.co.il ақпарат көзі хабар таратты. Махмұд Аббас палестиналықтардың Израил билігімен осы уақытқа дейін жүргізіп келген келіссөздерінің бәрі нәтижесіз аяқталғанын да сессияға қатысушылардың есіне тағы бір мәрте салып өтті. "Басқыншылыққа екі тәсілмен нүкте қоюға болады: яғни, "Екі халық - екі мемлекет" принципі немесе екі елдің азаматтарына тең құқылы бір мемлекет",- деді ол мәлімдемесінде. 

0 пікір
Мұрағат