Палестина алғаш рет БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өзге елдермен қатар орын алды
Палестина алғаш рет БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында өзге елдермен қатар орын алды
3 ай бұрын 562 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: elements.envato.com. Автор: SeanPavone

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы басталды. Бұл алқалы жиында күллі әлем елдерінің сыртқы істер министрлері халықаралық ахуалды талқылап, ғаламдық қауіп-қатермен күрес бағытын айқындайтын болады. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы жиынның маңызды ерекшелігі - алғаш рет Палестина өкілдері қатысуда. Бұл жетістік Бас Ассамблеяның 2024 жылдың 10 мамыр айының 10-ы күні қабылдаған қарарының арқасында мүмкін болды. Палестина Таяу Шығыс тақырыптары бойынша отырыстарда өз өкілдерін спикерлер тізіміне енгізе алады, түзетулер ұсына алады, сондай-ақ, бір топ елдердің атынан процедуралық ұсыныстар жасай алады. Десе де Палестина бақылаушы мемлекет мәртебесінде қалады, сондықтан, Бас Ассамблея отырыстарында дауыс беруге құқығы жоқ, ал оның өкілдері БҰҰ органдарындағы лауазымдарға өздерін ұсына алмайды.

 

0 пікір
Мұрағат