Пәкістанның соңғы 5 жылдағы қару-жарақ импортының Қытайдағы үлесі 81%-ға жеткен
|

Қытай мен Пәкістан стратегиялық серіктес елдер. Стокголмдегі жаһан проблемаларын зерттейтін халықаралық институт (шведше: Stockholms internationella fredsforskningsinstitut, ағылшынша: Stockholm International Peace Research Institute — SIPRI) келтірген дерекке қарағанда, Пәкістанның соңғы бес жылдағы қару-жарақ импортының 81 пайызы Қытайға тиесілі болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Швециядағы аталмыш ұйымның талдау нәтижесі бойынша соңғы бес жылдағы Пәкістанның қару-жарақ импортындағы Қытай үлесі 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 пайызға артқан. Яғни, алдыңғы бес жылда Пәкістанның қару-жарақ импортының Қытайдағы үлесі 74 пайыз болатын. Бұған Қытай халық республикасының геосаяси ахуалға әрі стратегиялық мақсат-міндетіне байланысты қорғаныс саласына қыруар қаржы бөліп, қарапайым қару үлгілерінен бастап алтыншы буынға жататын жойғыш ұшаққа дейін замануи технологиямен жабдықтап, жетілдіру іс-шаралары ықпал еткен. Бұдан бөлек, Қытайдың оңтүстік Азиядағы ықпалы артып келеді. Жалпы Қытайдың қорғаныс экспортының әлемдік үлесі 5 жылда, яғни, 2024 жылға дейін 5,9 пайызға артқан. Қытайдың қару-жарақ экспортында Пәкістан алғашқы орында тұр - осы кезеңде (2024 жылға дейінгі бес жыл аралығында) жалпы сомасы 5,28 млрд долларға жеткен, Пәкістан Қытайдың жалпы қару-жарақ экспортының 63 пайызын құрайды.




