Пәкістандықтар күнкөріс үшін шетел асып жатыр
Пәкістандықтар күнкөріс үшін шетел асып жатыр
8 ай бұрын 835 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, 2025 жылдың алғашқы тоқсанынының өзінде 172 мыңнан аса пәкістандық азамат нәпақасын жат жерден табу үшін шетел асқан. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің иммиграция бюросы хабарлағандай, тұрмыс таршылығынан 172 144 адам ақша табу үшін шетел асқан. Күнкөріс үшін шетел асқан пәкістандықтардың дені Саудияға ағылған – 121 190 адам. Ал екінші орынға Катар табан тіреген - 12 989 адам. Үшінші орыннан Оман көрінген – 8331 адам. Төртінші орынға Біріккен Араб Әмірліктері жайғасқан - 6 891 пәкістандықты қабылдаған жұмысқа. Сондай-ақ, пәкістандық еңбек мигрнаттары Малайзияда, Оңтүстік Кореяда көптеп кездеседі. Таяуда Беларус президенті Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шәріппен кездесуінде 100-120 мың пәкістандықты жұмысқа қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Шетелден нәпақасын іздеген пәкістандықтардың басым бөлігін қара жұмысшылар құрады - 99 139 адамы болды. Сонымен қатар, көптеген білікті жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмыс тапқан, соның ішінде 38 274 жүргізуші және 1859 кірпіш қалаушы бар. Ал жоғары білімі барларға келсек, 849 дәрігер мен 1479 инженер шетелден өз саласында жұмысқа тұрған.

0 пікір
Мұрағат