Пәкістанды кедейлік тұншықтырып барады
Пәкістанды кедейлік тұншықтырып барады
6 жыл бұрын 3225 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Экономикалық өсім – дамушы елдердегі кедейлер қарасын азайтудың әрі адам ғұмырының сапасын жақсартудың аса қуатты қаруы. Бұл бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсетіп бергендей, тұрақты экономикалық өсім тұтас елді кедейлік қамытынан құтқара алады. Экономикалық өсімнің кедейлікті кемітудегі қарқыны бірыңғайда табысты бастапқы кезде қалай бөлуге де байланысты. Экономикалық өсім табыс теңдей бөлінбеген елде кедейлік деңгейін көп төмендете алмайтыны да бар. Мысалы, Пәкістан. Алдымен кедейлік шегі мен деңгейіне қатысты ғаламдық статистикалық мәліметке жүгінбес бұрын кедейлікті анықтауда пайдаланылатын көрсеткіштер туралы деректі келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Бүкіл әлемдік банк беглілеп бергендей, кедейліктің ең төменгі шегі – адамдардың күніне 1,90 долларға күнкөрісі. Аталмыш көрсеткіш бойынша кедейлер қарасы 2013 жылғы 11%-бен салыстырғанда 2015 жылы 10%-ға кеміген екен. Яғни, әлем бойынша 68 млн адамның табысы күніне 1,90 доллардан асқанын көрсетеді. Кедейлік, әсіресе, экономикасы кенже қалған, саяси жанжалдар мен қарулы қақтығыстар жиі орын алатын аймақтарды өршіп тұр. Әлемдегі кедейлердің дені Африканың оңтүстігінен Сахара шөліне дейінгі аймақта шоғырланған. Бұдан бөлек, кедейліктің тағы бір өлшеміне жаһандық көп сатылы кедейлік индексі жатқызылып жүр. Бұл өлшем 2010 жылы қолданысқа енгізілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының кедейлік және адамды дамыту, даму бағдарламасы жөніндегі Оксфорд бастамасы енгізген. Аталмыш индекс  бойынша кедейлік адамның барлық өмірі маңызы зор ресурсқа қол жеткізе алмауымен байланыстырылады. Жекелеген 3 аспектіге ерекше мән берілген: өмір сүру, білім беру, денсаулық сақтау деңгейлері. Оксфорд бастамасы аясында алынған мағлұматқа қарағанда, Нигер, Оңтүстік Судан, Чад, Буркина-Фасо секілді Африка құрлығындағы елдерде кедейлер қарасы тым көп болып шыққан. Одан кейінгі орында халқының саны көп Пәкістан тұр. 2016 жылы жарияланған Пәкістандағы көп сатылы кедейлік жөніндегі баяндамада келтірілген дерекке үңілсек, 10 пәкістандықтың 4-еуі кедейлер санатынан. Яғни, коп сатылы кедейлік шегі бойынша алғанда. Бұған қоса, түрлі провинцияларда кедейлік деңгейінің елеулі айырмашылығы да көзге ұрып тұрады. Фата тұрғындарының 73%-ы, Белужстан тұрғындарының 71%-ы Пенжабтағы тұрғындарға шаққанда 31%-бен, сондай-ақ, Синдадағы 43%-бен салыстырғанда көп сатылы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Ал қалалық жерлерде бұл көрсеткіштегі айырмашылық сәл төмен: Қараши қаласында 10%-дан төмен. Десе де Кила Абдолларда бұл көрсеткіш 90%-ға жеткен. Арнайы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, нақты бір аймақтағы кедейліктің жоғары деңгейі қоғамда ресурстың қалай бөлінетінімен тікелей байланысты. 2018 жылға қатысты Бүкіл әлемдік банк баяндамасында айтылғандай, 2010-2015 жылдар аралығындағы Пәкістан тұрғындарының 40%-ның табысының өсу деңгейі орташа жалақыға шаққанда 4,3%-ды құраған. Ал салыстыру үшін алсақ, Латвия, Бразилия, Перу және Мысыр секілді дамушы елдер тқрғындарының 40%-ның табысы жалақысы орташа деңгейдегі тұрғындарының табысына қарағанда тез өсіп келеді. Сол үшін Пәкістан билігі кедейлер қарасын азайту үшін табысты бөлудегі теңсіздікті жоюдың барлық амалын қарастыруы тиіс. Кедейлікпен күресу жөніндегі еуропалық желі (EAPN) адамның кедейленуіне қандай факторлардың әсер етенінін ата көрсетті: жұмыссыздық, білім беру деңгейінің төмендігі, кемтарлық, нашар денсаулық, қандай да бір этникалық азшылыққа жатуы, кемсітушілікке ұшырауы, өркениет игіліктерінен шалғай аймақтарды тұруы, т.б. Бұл факторлар әлеуметтік шаралардың қаншалықты маңызы зор екенін айғақтап берді.

0 пікір
Мұрағат