Пәкістанда ұлттық АІ саясаты аясында 3 млн жұмыс орны ашылады
Пәкістанда ұлттық АІ саясаты аясында 3 млн жұмыс орны ашылады
4 ай бұрын 1046 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяуда Пәкістан билігінің жасанды зерде саласындағы алғашқы ұлттық саясатын бекіткенін айта кетпекпіз (қараңыз: Пәкістан жасанды зерде технологиясын қатысты саясатын жүзеге асырады). Аталмыш саясаттың аясында елде қосымша 3 млн жұмыс орны ашылатыны жоспарланып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2030 жылға таман аталған ел АІ көмегімен жалпы ішкі өнімін кем дегенде 7 немесе 12 пайызға дейін арттыруда көздеп отыр. Осылайша Пәкістан жасанды зерде саласындағы ұлттық саясатымен елдің технологиялық әлеуетін күшейтіп қана қоймай, экономикасы мен өнеркісібін трансформациялауды көздейді. Бұл тарапта халықаралық озық тәжірибелерді басшылыққа алып, жасанды зердеге негізделген салалардың инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлмек. Мемлекеттік және жекеменшік секторлардың АІ зерттеуі мен әзірлемелеріне инвестиция тартуды қарастырады. Осы орайда Пәкістанның көрсетілетін қызмет экспорты бойынша едәуір жетістікке қол жеткізгенін айта кетпекпіз: биыл жалпы сомасы 8,39 млрд долларға жеткен - өткен жылғы көрсеткішпен (7,68 млрд доллар) салыстырғанда 9,23%-ға артқан. Соның ішінде телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызметтер саласындағы қызмет экспорты көш бастаған (қараңыз: Пәкістанның бағдарламалық қызмет экспорты алғаш рет 1 млрд доллардан асты): Пәкістан мемлекеттік банк мәліметінше, телекоммуникация, компьютерлік және ақпараттық қызметтер - қызметтер экспортының ірі сегменті - өткен жылғы 3,223 млрд доллармен салыстырғанда 3,809 млрд долларға дейін 18,18% -ға өсті. Пәкістан билігі алдағы 5 жылда ақпараттық технология экспортын 15 млрд долларға дейін арттыруды мақсат етіп отыр. Өзге де бизнес-қызметтер 1,665 млрд долларға жетіп, 7,35% -ға өсті, ал көлік қызметтерінің экспорты 982,0 млн долларға дейін 27,86% -ға өсті, бұған логистика мен жүк тасымалына неғұрлым жоғары сұраныс ықпал етті. Дегенмен, туристік қызмет көрсету экспорты 758,0 млн доллардан 721,0 млн-ға дейін түсіп, 4,88% -ға төмендеді.

0 пікір
Мұрағат