Пәкістанда Уикипедия бұғатталды исламға қарсы контент үшін
Пәкістанда Уикипедия бұғатталды исламға қарсы контент үшін
2 жыл бұрын 1007 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі Уикипедия электронды энциклопедияны мұсылмандарды қаралайтын контент үшін бұғаттап тастады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Manila Times дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған мұсылман елінің заңнамасы бойынша дінге тіл тигізгендерге өлім жазасы қарастырылған. Бұл жағынан Пәкістан қатал. Пәкістанның телекоммуникацияға жауапты құзыретті органның ресми өкілі Малақат Обейдтің айтуынша, «Уикипедия» анықтама желісіне исламға қарсы контентті өшіруге 48 сағат мұрсат беріліп, ескерту жасалған. Алайда, бұл талап орындалмаған. Тіпті, алдағы уақытта исламға қарсы контент өшірілісе, Уикипедия бұғаттан босатылатынын да мәлімдеді. Сөз орайы келгенде Пәкістанда TikTok әлеуметтік желісінің екі мәрте бұғатталғанын айта кету керек. Азғындыққа бастайтын өнегесіз материалдар жарияланғаны үшін. Ал 2008 жылы бұл ел аумағында Пайғамбарлар падишасын (Алланың сәлемі мен иглігі болсын) бейнелейтін ролик жүктелгені үшін Youtube арнасын да бұғаттаған еді.

0 пікір
Мұрағат