Пәкістанда таза энергетика жобалары үшін 52 млрд. рупиге «жасыл сукук» шығарылады
Пәкістанда таза энергетика жобалары үшін 52 млрд. рупиге «жасыл сукук» шығарылады
23 күн бұрын 660 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан үкіметі ел тарихында тұңғыш рет таза энергия саласындағы жобаларға 52 млрд рупи тарту үшін «Жасыл сукук» шығарады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ислами құнды қағаздар Белужстандағы Ғарық және Синдтағы Най Ғаж су бөгеттеріне қатысты жобалар мен Скарттегі Шағартан су энергетикалық жобаны жүзеге асыруға жұмсалады. Алғашқы құнды қағаздар легінің құны 30 млрд рупи тұрады. Шариғат талаптарына сай шығарылатын құнды қағаздар аталған елдің мнистрлер кабинеті бекіткен сукукке тұрақты инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес келеді. Лауазымды ресми тұлғалар ислами құнды қағаздардың активтермен қамтамасыз етілгенін, яғни, кепілдендірілгенін, сол себепті, инвесторлар нақты экологиялық және әлеуметтік жобаларға қаржы құюына мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Бір ғана Ғарық су бөгетінің құны 28 млрд рупиге бағаланып отыр. 2005 жылы іске қосылған Най Ғаж су бөгеті 22 млрд рупиді қажет етеді. Ал Шағартан жобасы жақын маңдағы аймақтар мен елді-мекендер, инфрақұрылымдар үшін 26 МВт электр энергиясын өндіруі үшін 25 млрд рупиді қадет етеді. Бұл жобалар Пәкістан үшін климат дағдарысының бетін қайтаруда маңызды орын алады. Үкімет, сондай-ақ, «Әлеуметтік қорғау және орнықты даму үшін сукук» шығаруды жоспарлап отыр. Олар күн, жел және биомасса, арзан тұрғын үй, электр көлігі және білім беру саласындағы жобаларды қаржыландыруға көмектеседі. Арнайы комитет жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту мақсатында Пәкістанның климаттық және даму мақсаттарына сәйкес келетін жобаларды іріктеп алады.

0 пікір
Мұрағат