Пәкістанда киілген киімдер нарығы кедейліктің көрсеткішіне айналып келеді
Пәкістанда киілген киімдер нарығы кедейліктің көрсеткішіне айналып келеді
4 ай бұрын 960 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістандағы киілген киімдердің көбісі сырттан тасымалданады, яғни, киілген киімдер импорты 2024-25 қаржы жылында 511 млн долларға дейін өскен. Бұл тараптағы көрсеткіш өткен жылы 434 млн долларды құраған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпаратт көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған елдің киілген киімдер импортының өсуі өз кезегінде кедейлер қарасының шапшаң көбейіп келе жатқанынан хабар береді. Тұтынушылардың дені жаңа немесе бренд киім-кешек алуға шамасы жетпейді. Осы орайда Бүкіл әлемдік банктің дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: Пәкістандағы халықтың 45%-ы кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр. Кедейлік шегі күніне 4,20 доллар деңгейінде ресми бекітілгенін айта кетпекпіз. Бұл – халықаралық стандарт. Бұл көрсеткіш табысы орташадан төмен пәкістандықтар арасында 39,8% дан 44,7%-ға артқан. Осыны ескерген Пәкістан билігі киілген киімдер импортынна салынатын салықты азайтуға шақырып отыр. Киілген киімдер салынатын салық түрлері көп: 10% - кедендік реттеу салығы; 5%  - кеден салығы; 6% - жеке бастың табыс салығы; 5% - сатудан түскен салық. Трейдерлер, сонымен қатар, сауда-саттықтан қосымша салық пен пайдадан тағы салық төлейді. Пәкістанға киілген киімдер Еуропадан, Америка құрама штаттарынан, Жапониядан, Кореядан, Қытайдан, Канададан импорталады. Импорттың шамамен 60-70% арнайы экспорт аймағында сұрыпталып, киюге жарамдылары іріктеліп, қайта экспорттауға жіберіледі. Бұдан бөлек, киілген киімдердің 10-20%-ы жергілікті базарларда сатылады. Импорттық салық мөлшеріне келсек, бір келісі үшін 36 рупиді және аяқ киім үшін 66 рупиді құрайды. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, импортталған, пайдаланылған жинсы 300-400 рупиден, жейделер - 250-300 рупиден, ал бұрын қолданыста болған спорттық аяқ киім - 600-800 рупиден сатылады. Бұл баға құны 2500-3500 рупи болатын жаңа жергілікті аяқ киімге немесе 4000-5500 рупи болатын брендті аяқ киімге қарағанда әлдеқайда арзан. 

0 пікір
Мұрағат