Пәкістанда баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана түрмеге қамалады
Пәкістанда баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-ана түрмеге қамалады
1 жыл бұрын 955 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістанда баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар бір айға дейін бас бостандығынан айырылады және айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Guardian ақпарат көзіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы жарлыққа қол қойылды, қыркүйек айында қолданысқа енді. Аталған ел билігі мұндай қатаң қадамға амалсыдың күнінен барып отыр, дәлірегі, дифтерия, көкжөтел, сіреспе, қызылша, қызамық және полиомиелит секілді қауіпті әрі жұқпалы індет кезіндегі кей ата-аналардың әрекеті осындай мәжбүрлі шараға итермелеп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлемде полиомиелит ұдайы бас көтеретін екі ел бар: Ауғанстан және Пәкістан. Пәкістан билігі екпеден бас тартқандарға қатаң шара қолдануы бірінші рет емес. Мәселен, 2015 жылы Пешабар қаласында баласына екпе салдырудан бас тартқаны үшін 470-тен аса адам тұтқындалған болатын. Алайда, келесі күні олардың барлығын бостандыққа шығарған еді.

0 пікір
Мұрағат