Пәкістанда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өркендеп келеді
Пәкістанда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өркендеп келеді
4 ай бұрын 619 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістанның жоспарлау министрлігі 14 жылда алғаш рет өткізілген 7-ші ауыл шаруашылық санағының нәтижесін жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылы жүргізілген санақ игерілген жер аумағының ұлғайғанын, мал басының өскенін, шаруа қожалықтарының көбейгенін көрсетті. Бұл санақтың ерекшелігі - мейлінше дәлдікті қамтамасыз ететін цифрлы технология пайдаланылды. Мемлекеттік маңызы зор бұл шара өз кезегінде жоспралау саясатын оңтайландырады, ресурстарды бөлуде тиімді етеді, ең бастысы – ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, ауыл шаруашылығымен байланысты үй шаруашылықтарының саны 2010 жылғы 8,3 миллионмен салыстырғанда 11,7 миллионға дейін өскен. Сонымен қатар, өңделетін жердің жалпы көлемі 52,8 миллион гектарға жетіп, небәрі он жыл ішінде 10 миллион гектардан астамға ұлғайды. Бұл жерлердің шамамен 79% -ы негізінен арналармен және құбырлы ұңғымалармен суарылады, бұл су ресурстарын басқару инфрақұрылымының жақсарғанын көрсетеді. Мал шаруашылығы да айтарлықтай өскен. Санақ барысында 251 миллион жануар тіркелген, оның ішінде 95,8 миллионы - ешкі, 55,8 миллионы - сиыр, 47,7 миллионы - енеке және 44,5 миллионы - қой. Ал 1,5 миллионы - түйе мен 4,8 миллионы - есек. 2006 жылдан бастап мал басы орта есеппен жылына 3,18 пайызға өскен. Биыл халық санағы нақты уақыт режимінде сандық картографиялауды, геотегирлеу мен автоматтандырылған деректер жүйесін пайдалана отырып жүргізілді. Жоспарлау министрлігі мұны ұлттық деңгейдегі деректер жинаудағы «тарихи кезең» деп атады. Бұл бағыттағы жетістік 2047 жылға қарай Пәкістанды «5Е» бағдарламасы (экспорт, электрондық Пәкістан, энергетика, қоршаған орта және әділдік) аясында айналымы 3 триллион долларға бағаланатын экономикаға айналдыруға бағытталған үкімет жоспарының бір бөлігіне айналды.

0 пікір
Мұрағат