Пәкістанда адам өлтірген қылмыскерге жаза күшейтілді (ВИДЕО)
|
Пәкістан парламенті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірген жанды өлтірген адамға қолданылатын жазаны күшейтті. Жаңа заң бойынша енді осы себеппен кісі өлтірген қанды қол қылмыскер кемі 25 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұған дейін отбасының намысын аяққа таптады деп айыпталған адамды өлтірген кісі отбасы мүшелерімен кешірілсе, үкімет ол адамды ешқандай жазаға тартпайтын. Енді ол кешірім өлім жазасына кесілген адамның ғана жазасын жеңілдетуге көмектесе алады. Айта кетейік, Пәкістанда жыл сайын "отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді" деген айыппен мыңдаған әйел ажал құшады. Мәселен, осы жылдың шілде айында іс-әрекеті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді деген желеумен Пәкістанда танымал модель және блогер қызды өз ағасы буындырып өлтірген.