Пәкістан премьері Ақ үй қожайынының аузын қалай «жапты»
Пәкістан премьері Ақ үй қожайынының аузын қалай «жапты»
6 жыл бұрын 2746 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан АҚШ президенті Дональд Трамптың «миллиардтаған көмек көрсетсе де АҚШ үшін Пәкістан ештеңе істеген жоқ» деген орынсыз сынына жауап қайтарды. Осы жылдың тамыз айынан бері Пәкістанның билік тізгінін қолына алған Имран Хан АҚШ саясатына қарсы мәлімдемелерімен аты шыққан саясаткер. Ақ үй қожайыны таяуда Fox News ақпарат көзіне берген сұхбатында Пәкістан билігінің әлемнің нөмірі бірінші террорисі атанған Усама бен Ладеннің қайда екенін білсе де ол туралы хабарламағанын, осылайша терроризммен күресте салғырттық танытқанын айыптаған еді. Бұл жайында Channel News Asia ақпарат көзі хабар таратты. «Пәкістанды өзінің сәтсіздігі үшін көзге шыққан сүйелдей етіп жаманатты етіп көрсеткенше АҚШ НАТО-ның 140 000 мың әскері мен ауғандық 250 000 әскері бола тұра әрі Ауғанстандағы соғысқа триллиондаған доллар шығынданғанына қарамастан неліктен тәліптердің күшейіп кеткеніне мықтап ойлануы керек»,- деп бір қайырды Пәкістан прмьері. Оның айтуынша, Пәкістан америкалықтардың халықаралық терроризммен күресіне қарсы соғысынан едәуір экономикалық шығын көріп отыр. АҚШ-тың жаһанға жар салып отырған Пәкістанған көрсеткен қаржылай көмегі бұл шығынның аз бөлігінің де орнын толтыра алмайды. «Қыркүйетің 11-і күнгі оқиғаға бірде-бәр пәкістандық араласқан емес. Соған қарамастан Пәкістан америкалықтардың террористерге қарсы күресіне қосылды. Пәкістан бұл соғыста 75 000 адамнынан айырылды. Ал ел экономикасы 123 млрд долларға шығынға батты. Америкалықтардың көмегі – оның тек аз ғана 20 млрд доллардың орнын ғана толтыра алды»,- деп ашына тіл қатты.  

АҚШ Пәкістанға неге шүйлікті? Террористерге дем беруші ел ретінде қара тізімге неге енгізді? Бұл сауалдың төркінін басқа тараптан іздеген жөн секілді: Пәкістан соңғы кезде АҚШ-пен геосаясатта бәсекелес Қытаймен жақындасуы, екі ел арасындағы экономикалық әрі инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтасуы АҚШ-тың мазасын қашыруда. Итке сүйек тастағандай аздаған көмегін бұлдаған АҚШ-тың әрекеті әлбетте Қытай ықпалына қарсы тұруға жеткіліксіз. Пәкістанның өз мәселесі де жетіп артылады. Ішкі этникалық алауыздық, Кашмир дауы, ресурс тапшылығы, белең алған жұмыссыздық, т.б. Қытаймен жақындасуға итермелеуде.

0 пікір
Мұрағат