Пәкістан осы жылғы табиғи апаттан жалпы ішкі өнімнің 10%-нан айырылды
Пәкістан осы жылғы табиғи апаттан жалпы ішкі өнімнің 10%-нан айырылды
2 жыл бұрын 1171 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың жаз мезгілінде Пәкістан аумағында жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне байланысты орын алған табиғи апаттан, дәлірегі, толассыз жауған қалың нөсер мен оның салдарынан, атап айтқанда, тасқын-селден жалпы ішкі өнімнің 10%-нан айырылған. Бұл жайында islam.kz пппорталы өз кезегінде аталған елдің сыртқы істер министрі Біләлауал Бхутто-Зардаридің MSNBC телеарнасындағы мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Залалды бағалау деректеріне сәйкес біз ЖІӨ-нің 10 пайызын шайып кеткен осы бір катаклизмнің салдарынан 30 миллиард доллар шығынға баттық», - деп мәлімдеді дипломат. Пәкістанның табиғи апаттармен күресу жөніндегі басқармасы келтірген мәліметке қарағанда, маусым айының орта шенінде ел тарихындағы ең ауыр табиғи апаттан кем дегенде 1717 адам опат болып, 12,8 мығнан аса адам зардап шеккен. Бұдан бөлек, 13,1 мың шақырымнан астам жолды су шайып кеткен, 2,1 миллионнан астам үй қирап, оның 806 мыңнан астамын қалпына келтіру мүмкін емес күйге түскен. Тамыз айында су тасқыны салдарынан болған ауыр жағдайға байланысты үкімет республикада төтенше жағдай жариялап, шұғыл гуманитарлық көмек сұрап, Біріккен Ұлттыр Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдарға жүгінген.

0 пікір
Мұрағат