Пәкістан жаңа буынға жататын қанатты зымыранын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
Пәкістан жаңа буынға жататын қанатты зымыранын жұртшылық назарына ұсынды (видео)
4 ай бұрын 598 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан инженерлері мен әскерилері жаңа буынға жататын Fatah-4 қанатты зымыранын жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы armyrecognition.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зымыран бағыттаудың комбинациялық жүйесімен және жасанды зерде алгоритіміне жабдықталған. Defense Times дерек көзінің хабарына қарағанда, бұл зымыран Fatah тобындағы алғашқы жерден ұшырылатын қанатты зымыран.

Fatah-4 сипаттары:

  • Ұшу қашықтығы: 750 шақырымнан асады;
  • Салмағы: 1530 келі тартады;
  • Ұзындығы: 7,5 метр;
  • Жылдамдығы: 0,7 Мах;
  • Ұрыс жүргізетін бөлігі: 330 келі;
  • Тигізу дәлдігі: шамамен 5 метр.

Зымыран төмен биіктікте ұшу профилін (шамамен 50 метр жерден) пайдаланады, рельефті айналып өту функциясыне ие, бұл ерекшелік радиолокациялық жүйенің табу немес анықтау қатерін айналып өту және әуе қорғанысын бұзып өту мүмкіндігін арттырады.Fatah-4 жоғары дәлдікті қару-жараққа қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жетілдірілді. Конструкторлар модулдік жинақтау принципін қолданғанын айта кетпекпіз: техникалық қызмет көрсету мен болашақта мүмкін болатын модернизацияны жеңілдетеді. Маңызды ерекшеліктердің бірі — тез соғыс режиміне өтуге, яғни, ұрысқа тұтқиылдан немесе бірден кірісуге мүмкіндік беретін және тасымалдау кезінде логистиканы жеңілдететін қатты отын қозғалтқышы пайдаланылады. Fatah-4 зымыранығ басында айтып өткеніміздей, комбинациялық баағыттау жүйесімен жабдықталған – спутниктік және инерциялық навигация (GPS/INS), сондай-ақ, нысананы тану немесе анықтау үшін жасанды зерде технологиясымен жабдықталған. Зымыран ықшам әрі ұтқыр ату қондырғысынан ұшырылады, “тиіп-қашып ұрыс салу” соғыс тактикасына арналған деуге болады. Fatah-4 зымыранының көмегімен ядролық қаруды қолданбай-ақ, жаудың командалық орталығын, логистикасын немесе өзге де стратегиялық маңызы зор нысандарын жоюға болады. Fatah-4 – Пәкістан қарулы күштерінің алыс қашықтан соққы беру мүмкіндігін едәуір арттыратын қару. Бұл қару аймақтық қауіп-қатердің бетін қайтаруға арналған қару.

 

0 пікір
Мұрағат