Пәкістан араб еліне жұмысшылар экспорттайды
Пәкістан араб еліне жұмысшылар экспорттайды
4 ай бұрын 908 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шетелдегі пәкістандықтар ісіне жауапты аадам ресурсын дамыту жөніндегі министрлік (OP&HRD) Кувейтке білікті жұмысшы қолын экспорттауды жаңғыртады. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press of Pakistan ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда аталған Парсы шығанағы елі билігінің табаны күректей 19 жылға созылған шектеудің күшін жойғанын айта кетпекпіз – бұл арада пәкістандық еңбек мигранттарына елге кіруге салынған тыйым турасында сөз болып отыр. Дәлірегі, 2011 жылы Кувейт билігі ел тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрі визалық режимді қасақана жиі бұзатыны үшін Пәкістан, Иран, Ауғанстан және Сирия азаматтарына елге келуге ресми түрде тыйым салған еді. Кувейт билігі мамыр айында Пәкістан азаматтарына еңбек ету, отбасылық, іскерлік және туристік визаларды қайта іске қосты. Кувейт билігінің мұндай қадамға баруына елде жұмысшы қолының жетіспеушілігіне байланысты жалақы мөлшерінің 40%-ға көтерілуі себеп болған. Дәлірегі, арзан джұмысшы күшіне зәрулік осындай қадамға итермеледі. Бүгінгі таңда жүз мыңдаған пәкістандық мұхит асып Америка құрама штаттарында, кәрі құрлықта еңбек етіп, нәпақасын айырып жүр. Шетелдегі пәкістандықтардың елге аударған ақшасы экономикада маңызды рөл ойнайдыы: тарнзакциялар үшін ағымдағы шоттың тапшылығын жояды, валюта қорын нығайтады, т.б. (қараңыз: Шетелдегі пәкістандықтар отанына биыл 38,3 млрд доллар ақша аударып, рекорд орнатты). Аталған араб елінде қойманың үйлестірушісі, қоймашы, ағаш ұстасы, сондай-ақ, біліктілігі жоқ жұмысшылар, жиһазшылар мен жүргізушілердің көмекшілері лауазымдарына бос жұмыс орындары ашылғаны турасында хабар тарап жатыр. Онда өтініш берушілердің құжаттарды тапсыруының соңғы мерзімі - 2025 жылдың тамыз айының 15-і.  Пәкістан 1963 жылғы қазан айында Парсы шығанағы елімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 

0 пікір
Мұрағат