Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайындағы фильм сүннит ғұламаларының наразылығына ұшырады
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жайындағы фильм сүннит ғұламаларының наразылығына ұшырады
9 жыл бұрын 4964

Иран кинематографистері түсірген Ақиық елші (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) жайындағы фильм мұсылман елдерінде наразылыққа ұшырады. Аталмыш фильм Пайғамбарлар падишасы – Мұхаммед Мұстафаның (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) өнегелі өмірбаянына арналған. 40 млн долларға түсірілген бұл фильм үш сағатқа созылады. Бұл фильм трилогияның бірінші бөлім болып табылады. Онда Екі әлем сардарының (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) балалық шағы қамтылған. Шариғатымызда Пайғамбарымызды (с.а.у.) бейнелеуге тыйым салынғандықтан аталған фильмде Адамзаттың асыл тәжінің (с.а.у.) рөлін сомдаған актердің жүзі көрсетілмеген. Тек ту сыртынан немесе оның көлеңкесі ғана көрсетіледі. Десе де, осынау сақтық шараларына қарамастан сүннит ғалымдары бұл фильмге көңілдері толмай, оны көрсетуден бас тартуды талап етуде. Олардың айтуынша, мәселенің мәнісі Пайғамбарымызды (с.а.у.) бейнелеуге қатысты тыйымда ғана жатқан жоқ. Пайғамбарымызды (с.а.у.) сомдаған  актер ертең басқа фильмде жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдауы мүмкін. Бұл өз кезегінде көрермендерді адастырып, Екі әлем сардары (с.а.у.) туралы теріс көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Айта кетейік, Пйғамбарымызды (с.а.у.) кейіптеген актердің аты-жөні аталмаған. Яғни, құпия ұстап отыр.  

0 пікір
Мұрағат