Пайғамбар (ﷺ) отбасы мен сахабаларға тіл тигізгендерге жазаны қатайтатын заң қабылданды
Пайғамбар (ﷺ) отбасы мен сахабаларға тіл тигізгендерге жазаны қатайтатын заң қабылданды
1 жыл бұрын 1033 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан парламенті Пайғамбарлар падишасының (ﷺ) отбасына және сахабаларға тіл тигізгендерге ірі мөлшерде айыпппұл салатын және түрмеге қамау мерзімін ұзартатын заң жобасын мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Пәкістан сенаты «2023 жылдың қылмыстық заң (түзету) туралы заң жобасын» қабылдады. Аталмыш заң бойынша жоғарыда аталған қылмыстық әрекетке барғандар кем дегенде он жыл бас бостандығынан айырылады, сондай-ақ, бір млн рупи (шамамен 3500 доллар) айыппұл салынады. Бұрын мұндай қылмысқа барғандар ары кетсе үш жылға ғана бас бостандығынан айырылатын. Аталмыш заң жобасына атсалысқан сенатор Мүштәк Ахмет Хан Пайғамбардың (ﷺ)  өзіне тіл тигізгендерге өлім жазасы Пәкістанның қылмыстық кодексіне сәйкес өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Бұл заң жобасы Пайғамбардың (ﷺ) әйелдері мен жақын сахабаларының бірін ашықтан-ашық лағынеттейтін шиғалық қауымының кейбір өкілдеріне қарсы бағытталған сияқты. Ayaan Institute сараптама орталығының директоры Жаһангер Мұхаммед Пәкістанда мұндай заңның елдегі діни алауыздық пен араздықтың алдын алу үшін қажет екенін түсіндірді. Болжам бойынша 1987-2007 жылдар аралығында Пәкістанда шиғалар мен сүнниттер арасындағы қақтығыс салдарынан 4000-ға жуық адам қаза тапқан.

0 пікір
Мұрағат