|
Пайғамбар (ﷺ) мешітіне бір аптаның ішінде 5 млн-на аса адам келген
|
Қасиетті Мәдинадағы Пайғамбар (ﷺ) мешітіне өткен аптада (желтоқсан айының 8-і мен 15-і күндері аралығында) 501 938 адам келген. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде GulfNews ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Пайғамбар мешітінің істері жөніндегі бас басқарма келтірген дерекке қарағанда, аталған мерзімде келгендер арасында 15 295 адамның жасы келген әрі мүмкіндігі шектеулі жандар. 87 000-на аса қажы ондаған тілде аудармашылардың қызметін пайдаланған. Пайғамбар мешітінің кітапханасына өткен бір апта ішінде 13 584 адам бас сұққан, 4 783 қажы мұражайды аралаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды