Пайғамбар мешіті мүміндерді 15 тілде хабардар етеді
Пайғамбар мешіті мүміндерді 15 тілде хабардар етеді
2 күн бұрын 350 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Исі мұсылман үшін Харам мешітінен кейін қасиетті орын саналатын Пайғамбар мешітінде діндарларға діни тәлімдер мен рухани нұсқауларды 15 тілде хабарлайды. Бұл жайында islam.kz порталы  GulfNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұсылмандар қарасы толастамаған кезде нұрлы Мәдинадағы Пайғамбар мешітінің аумағында 70-ке жуық ерлер мен әйелдер күні бойы кезекшілік етіп, қажыларды ислам туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде. Дәлірегі, діни нұсқаулар мен түсіндірмелер 15 тілде, соның ішінде ағылшын, француз, урду, парсы, орыс, қытай, хауса, бенгал, түрік және хинди тілдерінде берілген. Сауд Арабиясының киелі қос мешіт істері жөніндегі бас басқармасының мәліметі бойынша ислам күнтізбесіне сәйкес зул-қада айының 1-ші күнінен бастап, Зул-зидж айының орта шеніне дейін шамамен 556 мың 527 адам мешітте осы қызметке жүгінген.

0 пікір
Мұрағат