Өзіне әр тіл тигізгені үшін 1 доллардан садақа беріп отыр
Өзіне әр тіл тигізгені үшін 1 доллардан садақа беріп отыр
9 жыл бұрын 2928 islam.kz

Уәлид Әлі есімді австралиялық тілшінің зайыбы Сюзан Карланд ғаламтор-тролдардың өз атына айтқан әр балағат жазбасы үшін ЮНИСЕФ ұйымына австралиялық 1 доллардан садақа беріп отыруға өзін міндеттеді. Бұл жайында «Mashable» ақпарат көзі хабар таратты. Ол мұндай қадамға «Твиттер» мен «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде бүркеншек атпен өз атына ұдайы балағат сөздер жаудыратындарға жауап ретінде барып отыр. Оны мұсылман болғаны үшін терроризмге қатысы бар деп негізсіз айыптап, өлім тілейтін, қорқытатын ғаламторлық қаскүнемдердің жиі мазалайтыны қажытып жіберді. Айта кету керек, ол басында мұндай жалаға толы жазбаларға мән бермейтін. Алайда, мұндай жазбалар көбейіп кеткендіктен, амалсыздың күнінен әлгіндей қадамға баруына тура келген. Осыған ниет еткен сәтінен бастап ол 1000 доллардан аса қаржысын садақ еткен екен.

0 пікір
Мұрағат