Өзін құдаймын деп жариялаған азаматтың үйінен миллиондаған қаржы тәркіленді
Өзін құдаймын деп жариялаған азаматтың үйінен миллиондаған қаржы тәркіленді
10 жыл бұрын 3244 Baq.kz

Өзін құдаймын деп жариялаған РФ азаматы Андрей Поповты тәртіп сақшылары қолға түсірді. Оған ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деген айып тағылып отыр. Попов жұртты сендіру үшін өз сектасын православиелік бағытта деп мәлімдеген. 

"Кузя құдай" лақап атымен танымал Поповты сыбайластарымен бірге полиция кеше таңертең құрықтаған. Оның үйін тінту кезінде 43 миллион рубль мен 100 мың доллардан астам қаражат табылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл ақшаның барлығы садақа ретінде секта мүшелерінен жиналуы мүмкін. Күдіктінің үйінен сондай-ақ, діни кітаптар мен экзотикалық жануарлар да табылған.

Айта кетейік, 2013 жылы Ресей шіркеуі "Кузя құдайға" сенбеуін, оның сектасына кірмеуін мәлімдеген болатын. А. Попов жұрттың сеніміне кіру арқылы алдымен оларды сектаға тартқан, кейін әрқайсысынан салық жинап отырған.

1 пікір
  • Ақшаға тоймаған адам екен...соңында ол ақшада өзіне бұйырмай соған түншығып түрмеге кетті...
    10 жыл бұрын
Мұрағат