"Өзің диуанасың, кімге пір боласың"
"Өзің диуанасың, кімге пір боласың"
6 жыл бұрын 4134 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Кремль ұсынған ұлшылдықпен, неонацизммен және өзге де нәсілшілдікті, ксенофобияны қоздыратын, өзге ұлттыр мен ұлыстарды кемсітетін кез келген іс-әрекетпен күрес жөніндегі 66 тармақтан тұратын қарар жобасын қабылдады. Аталмыш құжатқа әлемнің 129 елі жақтап дауыс берсе, 54 мемлекет қалыс қалған. Ал Ресей десе жиырыла қалатын Украина мен АҚШ қарсы дауыс берген. Қоластындағы ұлттар мен ұлыстарды тілінен айыру, ділінен тайдыру үшін барлық амал-айланы қарастырып жатқан Кремл бұл әрекетімен нені мақсат тұтты? Әлбетте, ақпарат майданында, әлем қауымдастығы алдында өз-өзін ақтап алу, имиджін жақсартудан басқа түк емес. Сөзі мен ісі кереғар Кремлдің кезінде тақырбастарды тайраңдатып қойғанын, әсіресе, Орта Азия мен Қап тауы елдері ұмытпайды. Ресейде білім алуға, нәпақасын айыруға  барған қанша орта азиялық, кавказдық студент пен еңбек мигранты ксенофобтардың құрбаны болды десеңші. Өлтірді, соққыға жықты. Қырым түбегін басып алғаннан кейін ксенофобтардың сойқаны бәсеңсіді. Әлем қауымдастығының алдында одан ары жаманатты болмасы үшін. Кремл ксенофобтарға тыйым салса, кім қолынан қағыпты. Ксенофобтардың әрекетіне көзжұма қарағанына қарағанда Кремлдің қолайына жағатын секілді. Десе де Ресейдіге соңғы саяси өзгерістерге байланысты ксенофобия "түрленіп", күрделі сипат алған. "Левада-центр" деп аталатын үкіметтік емес ұйымы сауалнама жүргізіп, соның нәтижесінде өздерінің сайтында мынадай дерек келтірген екен: әлемде экономикалық белсенділігі артқан қытайларды жек көретін ресейліктер қарасы 26%-ға артқан. Өткен жылы бұл көрсеткіш 15 пайыздан аспаған болатын. ресейліктердің 19%-ы "Ресей тек орыстар үшін" ұранын қолдайтынын жасырмаған. Ксенофобтар тек азиялықтар мен кавказдықтарға қарсы майдан ашып қоймай, өздерінің ұр да жық әрекетіне наразыларды нысанасына алған. Оларды "ұлт сатқындары" атап, қаралап жатыр. 

0 пікір
Мұрағат