Өзгелеріне қарағанда тұрғындары исламды ең көп қабылдап жатқан елдер аталды
Өзгелеріне қарағанда тұрғындары исламды ең көп қабылдап жатқан елдер аталды
5 күн бұрын 1082 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Pew Research компаниясы жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, Америка құрама штаттары мен Кения тұрғындары өзге елдерге қарағанда исламды ең көп қабылдайтын болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News ресурсына жөн сілтеген IslamNews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлеуметтанушылар анықтағандай, әрбір бесінші америкалық тұрғын өзге наным-сенімдегі отбасында өсіп, исламға өз бетінше келген. Десе де АҚШ халқының арасында мұсылмандар қарасы өзге елдермен салыстырғанда өте аз – бар-жоғы шамамен 1%-ды құрайды. Ал Кенияға келсек, Африка құрлығындағы аталған ел тұрғындарының 11%ы мұсылмандардан тұрады. АҚШ пен Кения тұрғындарының исламды қабылдағандар арасында бұрын христиан сеніміндегілердің үлесі жоғары. Бір нәрсе анық, ислам тәрбиесінде өскендер арасында өзге наным-сенімге өткендер қарасы өте аз. Тіпті, исламнан бас тартқандарының өзі өзге наным-сенімге кетпейді, олар агностикке немесе атеистке айналады. Ислам – әлеемдегі ең жылдам әрі қарқынды таралып келе жатқан жалғыз дін.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4