Өзге елдің түрмесін жалға алатын мемлекет пайда болды
Өзге елдің түрмесін жалға алатын мемлекет пайда болды
3 жыл бұрын 1886 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дания елдегі пенитенциарлық жүйені реформалау аясында Косовадан 300 тұтқынға шақталған түрмені жалға алды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің әділет министрлігіне жөн сілтеген DW ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Даниялықтар Косовадағы түрмеге тек шетелдік заң бұзып, айыпталғандарды ғана аттандырады. Яғни, сот шешімімен жаза мерзімі біткенше Даниядан депортацияланады. Данияның әділет министрі Ник Хэккеруп 2025 жылға дейін түрмедегі орынды 1000 орынға дейін азайтуды алдарына мақсат етіп қойғандарын жеткізді. Түрме реформасына 4 млрд дат кроны (530 млн еуро) қаржы бөлінді мемлекет есебінен. Бұдан бөлек, пенитенциарлық жүйеде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға назар аударылған. Бүгінгі таңда халқының саны 5,8 млн-нан аспайтын Дания аумағындағы түрмелерде төрт мыңдай тұтқын жазасын өтеп жатыр. Мұндай мекемелер саны азайып келе жатқанымен заң бұзып жазықты болып түрмеге түсіп жатқандар қарасы 2015 жылдан бері 19 пайызға өсіп кеткен. Олардың дені бес жылға дейін сотталғандар. Олар ашық түрлемелерде жазасын өтеп жатыр – өз киімдерін киюге әрі өзі қалаған тағамды пісіріп жеуге рұқсат берілген.

0 пікір
Мұрағат