|
Өзге елдің президенті көрші елде ант беруге мәжбүр болды
|
Африкада тағы бір соғыс басталды
Сенегал әскері Гамбияға басып кірді. Бұл жайында "Reuters" ресурсы "Медуза" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Мұдағы мақсат президенті сайлауында жеңіске жеткен Адам Берроудың заңды билігін қорғауға саяды. Айта кетейік, қаңтардың 19-ы күні Сенегал аумағында Гамбияның жаңа сайланған президенті қасиетті Құранға қолын қойып, ант беруге мәжбүр болған. Оған 1994 жылдан бері билік тізгінін ұстаған Яйя Джамманың президенттік қызметтен кетпей отырғандығы себеп болды. Тақтан айырылғысы келмеген Гамбияның бұрынғы президенті Адам Берроуға кедергі жасау үшін елде төтенше жағдай режимін де енгізді. Адам Берроу фула ұлысынан шыққан, Англияда білім алған мұсылман.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Cингапур алаяқтарға дүре соғу жазасын заңдастырды және мұндай жаза қай елдерде бар
■
Түркі елі түрме инфрақұрылымын дамытып жатыр
■
Күллі Африкада интеллектуалды капитал бойынша бірінші орыннан көрінген араб елі
■
Мұсылман елі әлемде күріш импортынан келесі жылы бас тартуға ден қойған алғашқы мемлекетке айналады
■
Жаһандық электр энергиясын өндірудегі жаңғыртпалы энергия көздерінің үлесі алғаш рет көмірден асты