Өздігінен жүретін зениттік Skyranger 30 жаңа нұсқасы таныстырылды (видео)
Өздігінен жүретін зениттік Skyranger 30 жаңа нұсқасы таныстырылды (видео)
3 жыл бұрын 1149 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Eurosatory 2022 көрмесіндегі Skyranger 30 / ©Rheinmetall

Маусым айының 13-17 аралығында Парижде өтіп жатқан Eurosatory 2022 көрмесінде жылдамдығы жоғары, зеңбірек пен зениттік зымырандарды біріктіретін Skyranger 30 өздігінен жүретін зениттік зеңбіректің жаңа нұсқасы ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы rheinmetall.com дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жүйені өндіретін немістердің Rheinmetall компаниясы мұндай қарудың әуе шабуылына тойтарыс беруде маңызы жоғары болатынын алға тартып отыр. Көрмеде жұртшылық назарына ұсынылған Skyranger 30 ауыр бронетранспортер Boxer шассиіне негізделген (түрлі модификацияларының салмағы - 26-40 тонна аралығында). Ол Skyranger 30 мұнарасымен жабдықталған (ол өз атын тұтастай өздігінен жүретін зеңбірекке берді). Мұнара 30 мм калибрлі автоматпен және секундына 20 оқ ату жылдамдығымен жабдықталған. Ол үшін тиімді нысаналарды тигізу диапазоны үш шақырымда көрсетілді. Әскердің жаудан қорғаныс шебінің қашықтығын арттыру үшін Skyranger 30 зениттік зымырандармен жабдықталған. Өкінішке қарай, өндіруші тарапынан соңғысының параметрлері туралы толық мәлімет айтылмады. Бұған дейін жүйені зениттік зымырандармен және инфрақызыл бағыттаушымен жабдықтау мүмкіндігі жарияланған болатын. Мұндай жүйелер өздерінің радиолокациялық сәулелерін шығармайды, бұл жау ұшқыштарына олардың атқанын байқатпайды немесе қиындатады. Мұндай зымырандардың Skyranger үшін ұшу қашықтығы сегі-тоғыз шақырым, десе де өздігінен жүретін зеңбіректерден екі шақырымнан жақын жерде оларды ұшыру мүмкін емес - және бұл аймақта зымырандар автоматты зеңбірекпен сақтандырылады.

0 пікір
Мұрағат