|
Өзбектер цитрусты жемістің жаңа сортын шығарды
|
Ташкент мемлекеттік, аграрлық университетінің ғалымдары талай жылға созылған ізденіс пен табанды еңбектің арқасында аталған елдің әділет министрлігінің мемлекеттік селекция жетістіктерінің арнайы тізіліміне ресми түрден енген, O‘zbegim деген атауға ие болған грейпфруттың жаңа сортын шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде UzDaily.uz ақпарат көзіне жөн сілтеген EastFruit агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл сорт пайда болмай тұрып өзбектер экзотикалық жемісті, яғни, тек жылы жақта ғана өсетін жемісті шетелден импорттайтын. O‘zbegim сорты жергілікті климатқа бейімделген отандық жеміс. Селекциялық жетiстiктi тiркеу процедурасы «Селекциялық жетiстiктер туралы» заңмен реттелетiн құқықтық процесс және сорттың авторына оны қалауына қарай пайдалануға айрықша құқық бередi. Жаңа сортқа қойылатын талаптарға жергілікті климатқа толық бейімделген болуы керек, өзге сорттардан біршама ерекшеленуі тиіс, т.б. Сонда ғана мемлекет тарапынан арннайы, құқықтық қорғауға алынады.