Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық деңгейге жетті
Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейі рекордтық деңгейге жетті
6 жыл бұрын 4986 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы өзбек еліндегі жұмыссыздық деңгейі оның алдындағы 2017 жылмен салыстырғанда бір жарым есеге өсіп кеткен. Аталмыш елдің жұмыспен қамту және еңбек қатынасы жөніндегі министрлік келтірген дерекке қарағанда өткен жылы жұмыссыздар қарасы еңбекке жарамды ел тұрғындарының 9,3 пайызын құраған. Ал бұл көрсеткіш 2017 жылы 5,8 пайыздан аспаған еді. Бұл елдегі жұмыссыздықтан, әсіресе, жастар зардап шегуде. 16-20 жас аралығындағылар арасында жұмыссыздық деңгейі 17 пайызға жетсе, 30 жастан кішілері арасында 15 пайызды құраған. Бұдан бөлек, ресми емес орындарда жұмыс істейтін азаматтардың қарасы күрт артып кеткен – 7,8 млн адам. Бұл көрсеткіш 2017жылы 5,4 млн адамнан аспаған еді. Жұмыстың болмауы мен жалақының аздығы жастарды нәпақасын өзге елдерден іздеуіне итермелеуде. Өткен жылы шетелге жұмыс іздеп кеткен өзбек жастарының қарасы 2,3 млн адамды құрады. 

0 пікір
Мұрағат