|
Өзбекстанда қыз жасауына 800 кітап қосып берілді. Өзбекстанда кітапты көп оқығандарға ақшалай сыйақы берілмек
|
KAZINFORM – Қашқадария облысының Көкдала ауданына Әндіжан облысынан келіп болып түскен Насибахан Ибрагимованың қыз жасауы әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Оның қыз жасауына 800 кітап қосып берілді.
Күйеуі Миржалол Махмарайимов болашақ әйелімен бірге бірнеше жыл бойы кітап жинап келгенін, ал үйлену тойынан кейін жас жұбайлардың бірлескен кітапханасындағы кітаптар саны 1,5 мыңға жеткенін мәлімдеген.
– Біз 3 жыл кездесіп, бірге кітап оқыдық, бірге кітап жинадық. Сондай-ақ, кітаптарды онлайн сата бастадық. Жеке кітапханамыз болуын армандадық. 2025 жылдың тамыз айында үйлендік. Үйлену тойына дейін ол өзімен бірге жинаған кітаптарын менің үйіме әкелді. Содан кейін біз сөре жасап, жеке кітапхана салдық, - дейді Миржалол.
Отбасының жеке кітапханасы Көкдала ауданының Шорқұдық ауданындағы Миржалолдың үйінде орналасқан. Қалыңдық пен күйеу жігіт қазіргі уақытта Ташкентте жалдамалы пәтерде тұрады - Миржалол сол жерде, ол Чорсу базарындағы кітап дүкендерінің бірінде жұмыс істейді.
– Біздің кітапханамыздың суреті кездейсоқ интернетте тарады. Бұл Зүлфия атындағы мемлекеттік сыйлыққа(жас талантарға берілетін сыйлық – ред.) өтініш берген кезде тіркелген сурет еді, оны блогер таратты, - дейді ол.
Насибахан биыл Зүлфия атындағы сыйлықты ала алмады, бірақ отбасы келесі жылы тағы да бақ сынағысы келді.
Бегабат Ұзақов
Өзбекстанда кітапты көп оқығандарға ақшалай сыйақы берілмек
Өзбекстан президенті «Халық арасында оқу мәдениетін дамыту және кітап оқуға қызығушылықты арттыру жөніндегі шаралар туралы» қаулыға қол қойды.
NEGE. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 наурызға дейін барлық мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарда оқу мәдениетінің ішкі рейтинг жүйесі енгізілуі тиіс, деп жазады Vaib.uz.
Ең көп кітап оқыған қызметкерлер конкурс негізінде анықталады. Жеңімпаздарға айлық жалақысы мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.
Оқушылар мен студенттер үшін де ынталандыру шаралары қарастырылған. Ең көп кітап оқығандар жүздігіне кірген әр оқушы мен студент 10,3 млн сум көлемінде ақшалай сыйақы алады.
Сондай-ақ 2026 жылғы 1 сәуірге дейін барлық мемлекеттік құрылымдар мен ведомстволарда «Кітап бұрыштары» ашылып, қызметкерлер үшін ай сайын «Кітап оқу сағатын» өткізуге міндеттелді.