|
Өзбекстанда қоғамдық орындарда хижабпен жүруге рұқсат етілді
|
Өзбекстан парламенті қоғамдық орындарды діни сеніміне қарай киінуге тыйым салатын «Наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасын алғашқы оқылымында қабылдап тастады. Бұл айында депутат Расул Көшербаев Telegram-арнасындағы өзінің парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ, ел азаматтарына арнайы мамандандырылған оқу орындарында діни білім алуға құқық беріліп отыр заң жүзінде. Бұдан былай ата-аналарға балаларына үйде дін негіздерін үйретуге рұқсат етіліп отыр. Бұдан бөлек, аталмыш заң талаптарына орай діни ұйымдар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылады. Діни ұйымды тіркету шарттары да жеңілдетілді. Соның ішінде, тіркеуге қажетті адам саны 100-ден 50-ге дейін қысқартылды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)