|
Өзбекстанда қала тұрғындарының саны ауыл халқынан асып кетті
|
Өзбекстанда ауыл халқынан қала халқының саны көп, деп хабарлады елдің Мемлекеттік статистика қызметі. Бастапқы есеп бойынша, 2017 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстандағы тұрақты халық саны 32,1 миллион адамнан сәл асты және өткен жылмен салыстырғанда 545,8 мың адамға немесе 1,7 пайызға көбейген, деп хабарлайды podrobno.uz. Сонымен бірге, қала халқының саны 16,2 млн адамнан асса (жалпы халық санының 50,6 пайызы), ауыл халқы 15,9 млн адамды (49,4 пайыз) құрады. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Өзбекстанда 726,8 мың сәби дүниеге келген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды