Өзбекстанда "ниқаб" киіп, жүзін тұмшалағандарға айыппұл тағайындалды
Өзбекстанда "ниқаб" киіп, жүзін тұмшалағандарға айыппұл тағайындалды
1 жыл бұрын 3442 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда қоғамдық орындарда тұлғаны тануға кедергі келтіретін киім кигендерге, яғни, жүзін жасырғандарға 405-тен бастап 810 долларға дейін айыппұл салынады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған елдің әділет министрлігінің Telegram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзбек президенті Шапқат Мірзеев қол қойған заң талаптарына сәйкес бұл ереже ең алдымен кейінгі кезде сәнге айналған ниқаб киген әйелдерге қатысты қолданылатыны айтылған. Аталмыш заң бойынша тек жол қозғалысы кезінде қауіпсіздік шарасы ретінде пайдаланылатын арнайы көлік жүргізушінің бас киімін (мотоцикл шлемі) мен еңбек жағдайына байланысты жүзін жасыратын қорғаныш бетпердесін (мәселен, дәнекерлеуші) кигендер жауапкершілікке тартылмайды.

0 пікір
Мұрағат