Өзбекстанда имам Термизи атындағы ислам институты құрылды
Өзбекстанда имам Термизи атындағы ислам институты құрылды
1 ай бұрын 515 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы елдегі жоғары діни оқу орындарының саны тағы біреуге көбейгенін хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы anhor.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Имам Термизи атындағы ислам институты орташа білім беретін арнаулы ислам оқу орны ретінде Әділет министрлігінде тіркелді. Дәлірегі, Термезде Өзбекстандағы екінші ислам институты мемлекеттік тіркеуден өтіп, талапкерлерді қабылдай бастады. Сондай-ақ, Ташкент қаласындағы Имам Бұхари атындағы ислам институтында алғаш рет магистратураға қабылдау науқаны басталады. Өзбекстан мұсылмандары басқармасының хабарлауынша, оқу орнында оқу мерзімі - 4 жыл, ал бакалавриат деңгейінде жоғары діни білімі бар түлектер хадис ғылымдары, дінтану және араб тілі бойынша білім алады.

0 пікір
Мұрағат