Өзбекстанда электронды темекілерге толық тыйым салынды
Өзбекстанда электронды темекілерге толық тыйым салынды
1 сағат бұрын 27 inbusiness.kz Айдана Абаева

Ведомство өкілдері мұндай шаралар қабылданбаса, жақын болашақта елдегі әрбір бесінші жас никотинге тәуелді болуы мүмкін екенін ескерткен.

Өзбекстанда 1 наурыздан бастап электронды темекілердің айналымына толық тыйым салу туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жаңа талапқа сәйкес, тыйымды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заң бұзушыларға бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал темекіні қыздыру жүйелері заңды айналымда қала береді.

Айта кетейік, 2024 жылдың сәуір айында республика Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекілердің айналымына толық тыйым салу туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарған болатын. 

2025 жылдың қаңтарында Өзбекстан Олий Мажилисінің Заң шығару палатасы вейптерге тыйым салу туралы түзетулерді қабылдап, сәуір айында Сенат оларды мақұлдады. Ал қараша айында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев құжатқа қол қойып, оның күшіне енуін үш айға кейінге қалдырған еді.

0 пікір
Мұрағат