Өзбекстанда діни наным-сенімге байланысты өзгелерді соққыға жыққандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Өзбекстанда діни наным-сенімге байланысты өзгелерді соққыға жыққандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
2 ай бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: shutterstock.com. Автор: FotoDax

Өзбекстан президенті Шапқат Мірзеев республиканың қылмыстық кодексіне қасақана жеңіл зиян келтіруге байланысты қылмыстар үшін жаза қарастырылатын (109-бап) құжатқа қол қойды. Бұл бағыттағы өзгертулерді Өзбекстан парламентінің қос палатасы мамыр айының 7-сі мен шілденің 10-ы күні қабылдаған. Бұл жайында islam.kz порталы Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қасақана жеңіл дене жарақаты сөз тіркесіне денсаулықтың қысқа мерзімді, яғни, аз уақытқа ауытқуы (алты күннен 21 күнге дейін) немесе уақытша еңбек ету қабілетін жоғалту ұғымы кіреді. Дегенмен, бұл өзгерту отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылық белгілеріне қатысты қолданыламайды. Аталған елдің қылмыстық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес бұдан былай бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қасақана жеңіл дене жарақаттары мынадай жағдайда жасалса - діни наным-сенімді желеу етсе; сыбайласқан немесе ұйымдасқан топтың мүшесі немесе оның мүдделері үшін; қаруды немесе өткір жүзді бұйымды немесе затты қару ретінде пайдалану белгісі бойынша – қолданылады. Ал егер жеңіл дене жарақаты басқа себептермен қасақана орын алса, ірі мөлшерде айыппұл салудан бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат