|
Өзбекстанда борышкерлерді қыр соңынан қалмайтын несие берушілерден қорғайтын ереже қабылданды
|
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Өзбекстанда орталық банктің қарыз алушылардың құқығын қорғауға бағытталған жаңа талаптары күшіне енеді. Бұл жайында islam.kz порталы Fintech-Retail қаржылық ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тиісті қаулыны аталған елдің әділет министрлігі тіркеді.
Негізгі жаңалықтар:
• Банктер клиенттерге несиені ресімдеу кезінде тәуекелдердің немесе қаржылық қатердің чек-парақтарын ұсынуға міндетті
• Қарыздарды онлайн ресімдеу кезінде келісімді автоматты түрде қоюға тыйым салынады
• Қарыз алушылардың қаржылық қиындықтары кезінде қарыздарды қайта құрылымдаудың нақты ережелері енгізілді.
Тұтынушыларды қорғауды күшейту:
- Жаңа ережелерге сәйкес кредиттік ұйымдар:
- Клиенттің өтінішінде көрсетілген сомадан асатын соманы ұсынуға жол берілмейді;
- Әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік төлемдерден қаражат өндіріп алуға жол берілмейді;
- Несиені белгіленген кестеден тыс мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге тыйым салынады.
Онлайн режимде несие беру ерекшеліктері:
- Банктерге қарызды қаота телефоны арқылы рәсімдеуге тыйым салынады;
- Алдын ала келісім белгілерін (галочка) қоюға тыйым салынады;
- Онйлн форматта несие параметрлерін автоматты түрде толтыруға жол берілмейді.
Сондай-ақ банктер клиенттерді өтемақы төлеу шарттары мен мерзімдерін қоса алғанда, салымдарға кепілдік беру жүйесі туралы хабардар етуге тиіс болады.
Реттеушінің пікірінше, жаңа шаралар кредиттік операциялардың ашықтығын қамтамасыз етеді және қарыз алушыларға неғұрлым салмақты қаржылық шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Бұл тараптағы түзетулер 2026 жылғы қаңтардың 29-нан бастап күшіне енеді.