Өзбекстанда аса ірі мұнай кен орны табылды
Өзбекстанда аса ірі мұнай кен орны табылды
2 жыл бұрын 2283 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Sanoat Energetika Guruhi (SEG) және Kontiki-Exploration компанияларының мамандары  Өзбекстанның Зарафшан ойпаңынан аса ірі мұнай мен битум кен орнын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Uzdaily.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған кен орнын «Йанги Узбекистон» («Жаңа Өзбекстан») деп атады. Бұрғылау барысында альб, сеноман және турон дәуірінің қиыршықтастары мен құмтастарының қабаттары ашылды. Хабарланғандай, кен орнының битуминозды мұнай қоры шамамен 100 миллион тоннаға бағаланады. Жылдық өндірудің максималды деңгейі 2025 жылға қарай 1 миллион тонна деңгейінде болжануда. Өндірістің осы деңгейін қамтамасыз ету үшін жылына 1500 ұңғыма бұрғылау жоспарлануда. «Йанги Узбекистон» кен орны Орта Азиядағы ең жоғары технология орталығына айналуы мүмкін. Яғни, жаңа әрі озық технологиялар қолданылады. Алдағы 12 жылда бұл кен орнын игеру үшін өзбек билігі 2,5 млрд доллар инвестиция тартуды көздеп отыр. «Sanoat Energetika Guruhi» бас директоры Шокир Файзуллаев кен орнының ашылуын компанияның 2030 жылға қарай мұнай өндіруді 1,6 миллион тоннаға дейін арттыру стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Осы кен орнының арқасында Өзбекстан жақын арада импорттық шикі мұнайды азайтып, өз шикізатынан өңделген өнім шығара алады.

0 пікір
Мұрағат