Өзбекстанда 3 млн-ға тарта қыз-келіншек өмірі интернетті пайдаланып көрмеген
Өзбекстанда 3 млн-ға тарта қыз-келіншек өмірі интернетті пайдаланып көрмеген
2 жыл бұрын 883 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталған елде ерлер мен әйелдер арасындағы цифрлы дағдыдағы айырмашылық ұлғайып кеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Upl.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әйелдер ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруде ерлерден төрттен біріне артта қалған. Яғни, бұл тараптағы айырмашылық – ширек көрсеткішті құрайды. Бұл олқылық интернетке қол жеткізуден де байқалады, күллі әлем бойынша әйелдердің 37%-ға жуығы интернет игілігінен қағылған, дәлірегі, интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар ерлер санына шаққанда әйелдердің қарасы 259 миллионға жеткен. Өзбекстандағы бұл бағыттағы статистикалық дерек жаға ұстатады: 14 пен 30 жас аралығындағы шамамен 2,8 миллион қыз-келіншек интернетті ешқашан пайдаланбаған. Сонымен қатар, компьютерлік сауаты жоқ әйелдердің үлесі ерлердің 30%-мен салыстырғанда 43,5%-ды құрайды. Өзбекстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының жақында жүргізген талдауы да әйелдердің цифрлық дағдылары ерлерден шамамен 24%-ға артта қалғанын көрсетті. 35 жастан асқан әйелдердің жас келіншектерге қарағанда ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану машығы 10%-ға аз екені анықталды. Аталмыш зерттеу, сонымен қатар, цифрлық дағдыларды меңгерген әйелдердің 36%-ға көбірек жалақы алатынын анықтады, бұл жайт цифрлық гендерлік айырмашылықты азайтудың экономикалық пайдасын көрсетеді. Сонымен қатар, колледждік білім дәрежесі бар әйелдердің цифрлық дағдылары колледждік деңгейі жоқ әйелдерге қарағанда 46% жоғары. Өзбек әйелдерінің интернет игілігін көре алмай отыруының негізгі себептеріне әлеуметтік жағдай мен жергілікті менталитетті жатқызуға болады.

0 пікір
Мұрағат