Өзбекстан жаңа бронетранспортер жасап шығарды (видео)
Өзбекстан жаңа бронетранспортер жасап шығарды (видео)
3 ай бұрын 604 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кадр: Mudofaa vazirligi / YouTube

збекстанның қорғаныс өнеркәсібі агенттігі Arslon деп аталатын жаңа бронетранспортерді (БТР) әскери сынаққа жіберді. Әскерикөлік НАТО (Солтүстік Атлант саяси-әскери ұйым) стандарттарына сәйкес жасалған. Бұл жайында islam.kz порталы O'zbekiston 24 ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әскери көлік сегіз десантшы мен үш адамнан тұратын экипажды сыйдыра алады. Arslon-ның маңдай сауыты 30 мм калибрлі бронды тесіп өтетін снарядтардан қорғанысты қамтамасыз етеді, ал бүйірлік сауыты 14,5 мм калибрлі оққа төтеп бере алады. Көлік, сонымен қатар, экипажды және сарбаздарды астыңғы немесе доңғалақ астындағы 10 келі жарылғыш заттың жарысынан қорғай алады. БТР 30 мм автоматты зеңбірегі бар жауынгерлік модумен және пулеметпен жабдықталған. Көлік нысанаға тәуліктің кез келген уақытында дәл тигізе алады. Арсланның салмағы 32-35 тонна тартады.

0 пікір
Мұрағат