Өзбекстан 2050 жылға қарай көміртектен бейтарап энергетикаға көшпек
Өзбекстан 2050 жылға қарай көміртектен бейтарап энергетикаға көшпек
4 жыл бұрын 2240 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан билігі, дәлірегі, аталған елдің энергетика министрлігі инвестиция және сыртқы сауда министрлігімен ынтымақтаса отырып әрі Жапония үкіметімен 2050 жылға қарай Өзбекстанда электр энергиясын өндіру саласында көміртектен ада секторды қалыптастыру бағытын зерделеу бойынша «жол картасын» әзірлеу үшін Corporate Solutions, Tractebel және Guidehouse халықаралық сарапшылар консорциумын тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өзбектердің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша іргеміздегі көрші ел де жаһандық жылыну мен климат өзгерісіне қарсы тегеурінді шараны қолға алмақ. Аталған елде электр энергиясының өндірісі экономика негізі, алайда, парникті газдың едәуір бөлігінің қайнар көзіне айналып отыр. Дәлірегі, өзбек билігі 2050 жылға қарай көміртекті энергетика деңгейін нөлдік деңгейге түсіруді мақсат етіп отыр. Осы мақсатта мынадай кешенді іс-шараларға басымдық беріледі:

-      электр энергиясы өндірісінің инфрақұрылымын трансформациялау;

-      жаңығртпалы энергия көздеріне көшудің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру;

-      субсидияны реформалау әрі көміртек бағасын белгілеу тетігін жасау;

-      қоғамдық қолдауға ие болудың түсіндіру жұмыстары;

-      қоршаған ортаны қорғау.

0 пікір
Мұрағат