Өзбек кеденшілері шекарада қатаң режимге көшеді
Өзбек кеденшілері шекарада қатаң режимге көшеді
5 жыл бұрын 1929 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев ел аумағынан алынған тауарлар мен қол жүгі бар жеке тұлғалар үшін кедендік төлемді өндіріп алудың оңайтылған тәртібін реттейтін қаулыға қол қойды. Бұл жайында regnum.ru ақпарат көзі хабар таратты. «2020 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, республиканың мемлекеттік шекарасының өткізу кедені арқылы тауарлар салынған жүгі мен қол жүгі бар жеке тұлғалар  үшін заңнамамен белгіленген кедендік салықтың орнына бірыңғай кедендік төлем, қосымша құн салығы және акциздік салық қарастырылған кедендік төлемдерді өндіріп алудың оңайтылған тәртібі енгізіледі»,- деп айтылған құжатта. Кедендік төлемдерді өндіріп алуға қатысты аталмыш жаңа ереже талаптары жеке тұлғалар атына халықаралық поштаға, курьерлік жөнелту арқылы және коммерциялық емес мақсаттағы тауарларға да қатысты екенін айта кеткен ләзім. Сондай-ақ, жеке мақсатта пайдалануға арналған пошталық сәлемдемелер, жануарлардан өндірілген азық-түлік тауарлары өндірістік қаптамаларды болуы міндетті. Онсыз шекарадан өткізбейді. Бұдан бөлек, қол жүгі мен жүк ережеде белгіленген шектен артық болса, тауардың номенклатурасы мен қай елде өндірілгеніне қарамастан бірыңғай кедендік төлем алынады. Жеке тұлғалар үшін төлем мөлшері 300 долларды құрайды (құрлықтағы шекара арқылы өтсе), ал авиалық қатынасты пайдаланғандар үшін 1000 доллар. Аталған ел президентінің қол қойылған қаулыда бекітілгендей, бірыңғай кедендік төлем мөлшерлемесі (ставкасы) кедендік құнның 30 пайызын құрайда, алайда, тауардың әр келісі үшін 3 доллардан кем болмайды. Мұның бәрін неге тәпіштеп айтып отырмыз? Қазақстан азаматтары көрші елмен барыс-келіс пен алыс-берісті жиі жасайды. Аталған елдің шекарасында келесі жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, өзбек кеденшілері жеке тұлғалардың жүгін түгел тексереді. Осы уақытқа дейін шекарадан өткендер «жасыл дәліз» арқылы емін-еркін кіріп-шығатын еді. Тек күмән тудырғандары ғана мұқият тексеруден өтетін. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімов тұсында шекарадан өткендербасынан бақайшағына дейін тексерілетін.

0 пікір
Мұрағат