Отты қарудан лазерлік қарудың айырмашылығы неде? Лазерлік қару сынақтан өтті (видео)
Отты қарудан лазерлік қарудың айырмашылығы неде? Лазерлік қару сынақтан өтті (видео)
7 жыл бұрын 4530 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың әскери-теңіз флоты Парсы шығанағында лазерлік қаруды сынақтан өткізді. Бұл жайында CNN телеарнасы хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, лазерлік қару жүйесі USS Ponce көлік догында орналастырылған. "Ол  оққа қарағанда нысанаға дәл тиетінімен ерекшеленеді. Бұл әуе байланасына немесе суасты мақсатқа қарсы я болмаса жер бетіндегі мақсатта қолданылатын, біздің өнеркәсіпте ұшырасатын өзге қару-жарақ түрлері секілді мүмкіндігі шектеулі қару жүйесі емес, түрлі мақсатқа пайдалануға болатын өте ыңғайлы қару",- деп мәлімдеді аталмыш кеме капитаны Кристофер Уэлс. Біз сөз етіп отырған LaWS нысананы "жарық жылдамдығымен", яғни, қас қағым сәтте талқандай алады. Ол ең жылдам деген құрлықаралық баллистикалық зымыраннан 50 есе жылдам. "Оған нысананың алыстығы, желдің соғуы бөгет бола алмайды",- деді лейтенант Кейла Хьюза (Cale Hughes). Соққысы жойқын болғанымен дыбыс шығармайды. Бұл қару түрі жұмыс істеуі үшін тек электр қуаты жеткілікті болуы тиіс. Лазерлік қаруды басқаруға үш адам жеткілікті. Әрі арзан. Бір пайдалануы 1 долларға тең. 

0 пікір
Мұрағат