|
Оттан опат болғандар саны 70-тен асты
|
Филиппин астанасындағы аяқ киім шығаратын Манила фабрикасында дәнекерлеу сайманынан, дәлірегі, өрт қауіпсіздігін сақтамаудан тұтанған оттан опат болғандар саны 72 адамға жеткен. Қаза тапқандардың қарасы бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені, жұмысшылардың көбісінен әлі хабар-ошар болмай тұр. Осыған байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары жалғастырылуда. Бұл жайында «Vesti.ru» порталы "Россия 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Өртті сөндіру үшін жеті сағат уақыт кетті. Аталмыш фабрика ғимаратының өрттен тек қаңқасы ғана қалған. Кез келген сәтте жалп етіп құлап қалуы мүмкін болғандықтан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі болып, мамандарға қауіп төндіруде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Қала жобалары қасиетті Меккені «діни диснейлендке» айналдыруы мүмкін (фото)
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті