Өткен жылы Түркия жел энергетикасына инвестициясы
Өткен жылы Түркия жел энергетикасына инвестициясы
3 жыл бұрын 1114 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өткен жылы Түркия жел энергетикасына құйған инвестиция мөлшері 1 млрд еуроға жетті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  WindEurope ресурсының «2021 жылдың қаржылық және инвестииялық тенденциялары» деп аталатын есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белгілі болғандай, Еуропа елдерінің 2021 жылы жел энергетика саласына құйған инвестиция мөлшері тұтастай алғанда 41 млрд еуроға жеткен. Инвестиция тартылғаннан кейін Еуропадағы жел электр стансаларының қуаты 24,6 гигаваттқа артуы әбден мүмккін. WindEurope есебінде айтылғандай, жел энергетикасына қатысты жобалар ұзақ мерзімді перспективада инвесторлар үшін тартымды бағыт болып қала береді. Осы кезеңде құрлықтағы жел энергиясына салынған инвестиция 24,8 миллиард еуроға жетті, бұл көрсеткіш 2016 жылдан бергі ең жоғары деңгей саналады. Өткен жылы теңіздегі жел қондырғыларына салынған инвестиция 16,6 миллиард еуроға жетті. Инвестициялардың басым бөлігі жел энергиясына құйылған. Алдағы бес жылда жаңа жел электр стансаларының 76 пайызы құрлықта орын тебеді. Өткен жылы кәрі құрлықтағы жел энергиясына құйылған инвестицияның едәуір бөлігі – 12,5 млрд еуро ЕО құрамына кірмейтін елдерге тиесілі болған. Аталған мерзімде бұл салада инвестиция мөлшері бойынша Ұлыбритания көш бстаған – 1,2 млрд еуро. Одан кейінгі орыннан Түркия көрінген (1,1 млрд еуро) және Ресей (400 мың еуро) тұр. ЕО елдері «REPowerEu» жоспары аясында жел нергетикасының қуатын 2030 жылға қарай 480 гигаватқа жеткізуді көздеп отыр – энергия ресурстарына деген жоғары бағамен күресу әрі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін.

0 пікір
Мұрағат