Өткен жылы Саудияның туристік шотының профициті 50 млрд риалға жуық көрсеткішке жеткен
Өткен жылы Саудияның туристік шотының профициті 50 млрд риалға жуық көрсеткішке жеткен
6 күн бұрын 1181 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының туризм министрлігі келтірген дерекке қарағанда, елдің туристік секторы 2024 жылы рекордтық табыс тапқан. Дәлірегі, ел тарихында алғаш рет туризмнен мол табыс тапқан - 49,8 млрд риал (саудиялықтардың ұлттық валютасы – ред.). Бұл тараптағы көрсеткіш 2023 жылғысымен салыстырғанда 7,8%-ға артқан. Саудияның баспасөз агенттігі (SPA) таратқан мәлімдемеде бұл өсім елге ағылған туристер қарасының 2023 жылмен салыстырғанда 13,8% -ға көбейгенінен артқан. Сауд Арабиясы орталық банкінің төлем балансының алдын ала мәліметі бойынша 2024 жылы шамамен 153,6 млрд сауд риалына жеткені айтылған. Саудияның туризм саласының едәуір дамуына ең алдымен тақ мұрагерінің пәрменімен қолға алынған әлеуметтік-экономикалық, т.б. реформалар ықпал еткен. Соның ішінде туристер мен меймандарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, үкіметтік ұйымдармен арадағы тығыз әріптестік секілді шаралар өз септігін тигізген.

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4