Өткен жылы Саудиядағы өлім жазасына кесілгендердің жартысынан көбісі – шетелдіктер
Өткен жылы Саудиядағы өлім жазасына кесілгендердің жартысынан көбісі – шетелдіктер
5 жыл бұрын 2514 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудиядағы өлім жазасын қадағалап отыратын британдық құқық қорғаушылар келтірген дерекке қарағанда, 2019 жылы аталған араб елінде өлім жазасына кесілгендердің дені шетелдік азаматтар болған. Саудияның ресми мәліметіне сүйенген Reprieve келтірген мағлұмат бойынша өткен жылы аталған елде 178 адамға өлім жазасы қолданылған. Олардың 90-ы шетелдік азаматтар, 88-і – саудиялықтар. Мәселен, 2018 жылы Саудияда өлім жазасына кесілген шетелдіктердің арасында пәкістандықтардың қарасы көп. Бұл мәліметті  Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы келтірген болатын. Өткен жылы Саудиядағы өлім жазасы негізінен есірткі контрабандасымен айналысқандарға қолданылған. Осылайша Саудия шетелдіктерге өлім жазасын қолдану жағынан ғана емес, сонымен қатар, әлемдегі өлім жазасы қолданылатын елдер арасында бұл көрсеткіш бойынша көш бастаған. Reprieve дерегіне қарағанда, Саудия аумағында 2019 жылы бір күнде 37 адамға өлім жазасы қолданылған. Олардың үшеуі кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер. Бұл – бір. Екіншіден, оларға тағылған айып толық дәлелденбеген. Яғни, ықтимал қылмыс бойынша өлім жазасына кесілген. Яғни, британдық құқық қорғаушылардың айтуынша, өлім жазасы қолданылған жасөспірімдерді азаптау арқылы мәжбүрлеп мойындатқан. Осыған байланысты Reprieve директоры Майя Фоа Үлкен жиырмалыққа мүше елдерді Саудияға байкот жариялауға шақырып отыр. Саудияда өтетін G20 саммитін өткізбеуге үндеді. HRW өкілдерінің айтуынша, Саудиядағы түрмелерде қамаулы жатқан тұтқындарға қатаң күзет қойылған, оларға қандай айып тағылғаны айтылмаған әрі сот талқысы өтпеген. Құқықтық көмек алуды былай қойғанда.

0 пікір
Мұрағат