Өткен жылы қызметкерлер ең көп қысқартуға ұшыраған ел
Өткен жылы қызметкерлер ең көп қысқартуға ұшыраған ел
6 жыл бұрын 2430 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2018 жылы санкция астында қалған Иран билігі жүргізген қатаң экономикалық саясаттың кесірінен 66 мыңнан аса мемлекеттік қызметкер қысқартуға ұшыраған. Осылайша жұмыссыздық белең алған аталмыш елде. ISNA ақпарат агенттігі таратқан хабар мен келтірген дерекке қарағанда, ауқымды қысқарту 14 министрлікте жүзеге асырылған. Атап айтқанда, ұлттық білім беру министрлігінен 35 мың қызметкер жұмыстан босатылған. Мұнай министрлігінен 8 мың адам қызметімен қош айтысуға тура келген. Сауда және тау-кен өнеркәсібі министрлігінен 7 жарым мыңнан аса адам қысқартуға ұшыраған. Қандай өлшемдер негізінде қысқартуға ұшырап жатқаны айтылмаған. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Иранның мемлекеттік бюджетінің негізгі табыс көзі мұнай экспортынан түседі. Яғни, экономикасы мұнай шикізатына тәуелді. Бұдан бөлек, бұл елдегі жұмыссыздықтың етек алуына өнеркәсіп пен жекеменшік сектордың дамымай қалғаны себеп болуда. Сол себепті, мемлекеттік органдарда қызметкер саны шектен тыс көп. 

0 пікір
Мұрағат