Өткен жылы қанша адамың табиғи және техногендік апаттардан қаза тапқанын анықтады
Өткен жылы қанша адамың табиғи және техногендік апаттардан қаза тапқанын анықтады
10 жыл бұрын 14452

Қызыл айшық өткен жылы әлемде қанша адамның табиғи және техногендік апаттардан қаза тапқанын анықтады. Аталмыш ұйымның есебі бойынша аталған себептерден 8 мың 186 адам опат болған. Бұл жайында Қызыл айшық және Қызыл жарты ай қоғамының халықаралық федерациясының баяндамасында айтылған. «Апаттар өткен жылы 107 миллионға жуық адамды әбігерге салған. Бұл соңғы 30 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Ал өткен жылы табиғи әрі техногендік апаттардан қаза тапқандар саны орташа есеппен алғанда соңғы он жыл ішіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 9 пайызға аз болған. Апаттардың дені климаттың өзгеруінен орын алған. Нақтырақ айтқанда, өткен жылы төтенше жағдайлар 87 пайызды, ал табиғи апаттар (су тасқыны мен лайдың көшуі) 49 пайызды құраған. Ең қатты су тасқыны Үндістанда, Пәкістанда және Балқан түбегінде байқалған. Табиғи апаттардан, әсіресе, Қытай қатты зардап шеккен болатын. Апаттардың 49 пайызы Азия құрлығында орын алған. Азиядағы апаттардан әлем бойынша үштен екісі зардап шеккен – 63 пайыз. Құрғақшылық, дауыл және су тасқынынынан 58 млн ада зардап шеккен екен. Өткен жылғы апаттардан келген шығын 99,2 миллиард долларды құрады. 

0 пікір
Мұрағат