|
Өткен жылы қанша адам босқын атанды
|
Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттіктің жаңа есебі бойынша өткен жылы 70 млн-нан аса адам басы ауған жаққан бас сауғалап кеткен. Қарулы қақтығыстан, аштықтан, террористік әрекеттен, т.б. факторларға байланысты. Бұл соңғы 70 жыл ішіндегі ең үлкен көрсеткіш болып тұр. Соңғы 20 жыл ішінде мигранттар қарасы екі есе артқан. Соның ішінде Таяу Шығыс аймағынан босып кеткендер қарасы көп.